鶹Ƶ

ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

BUKETOV UNIVERSITY-ДЕ ЖАҢА СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Студенттер үйінің аумағында жаңа спорттық алаңның салтанатты ашылуы өтті. Көпфункционалды жаңа орын футбол мен баскетбол ойындарын өткізуге, сондай-ақ түрлі спорттық шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Университет ректоры Н. О. Дулатбеков спорттық инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән берілетінін атап өтті. Оның айтуынша, жыл сайын оқу орнында жаңа спорт ареналары бой көтеруде: «Шараға көптеген қонақтар келді. Әсіресе Қытай Халық Республикасынан келген достарымызға және бір ай бойы университетімізде қызмет еткен Марио Кинделанға алғысымызды білдіреміз. Бүгін біз жаңа спорттық алаңды ашып отырмыз. Мұның барлығы 鶹Ƶ – сіздер үшін, сіздердің денсаулықтарыңыз бен дамуларыңыз үшін. Бұл алаң әрқашан студенттерімізге қызмет етсін!» 鶹Ƶ – деді ректор.Өз кезегінде Марио Кинделан университет ұжымына табыс тіледі: «Мен осы елге және осы университетке алғысымды білдіремін. Бүгін сіздердің қастарыңызда болу 鶹Ƶ – мен үшін үлкен мәртебе. Рахметімнің белгісі ретінде әлем чемпионатында алған марапаттарымның бірін сыйға тартқым келеді. Оның ең лайықты орны 鶹Ƶ – осы университет», 鶹Ƶ – деді ол. Салтанатты рәсімнен кейін жаңа алаңда профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер арасында мини-футболдан жарыс өтті. Қонақтарға ыстық бауырсақ, дәмді палау және хош иісті шай ұсынылды.