Университеттің өзіндік тарих музейі бар. Музей 2002 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл жерден Қазақстанның алғашқы мемлекеттік университеттерінің бірінің қалыптасу жне даму тарихы туралы біле аласыздар. Музейге келушілерге қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде тегін экскурсия ұсынылады.
Мұражайдың экспозициялық ауданы 505 ш.м. құрайды жне 4 аймақты қамтиды:
Бірінші аймақ 鶹Ƶ – «Университеттің құрылуы». Мұнда ректорлар галереясы, университеттің ашылуына байланысты құжаттар, оның ресми атрибуттары ұсынылған. Экспозиция 1938 жылы Мұғалімдер институты құрылғаннан бастап университеттің қалыптасуы, 1952 жылы педагогикалық институтқа, содан кейін 1972 жылы мемлекеттік университетке айналуы туралы түсінік алуға мүмкіндік береді.
Мұражай сенбі жне жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Мекенжайымыз: Университет к-сі, 28, бас корпус, тел.: +7 7212 35-63-19
№ 40, 118, 145, 146, 02, 07 автобустарымен «Университет» аялдамасына дейін жүру.
Университеттің алғашқы ректоры, ҚазССР ылым академиясының академигі, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Евней Арыстанұлы Бөкетовке арналған мұражайы бар. Мұражай 1992 жылы құрылған. Оның экспозициялық ауданы 324 шаршы метрді құрайды.
Мұражайды философия докторы, доцент Ильясов Шамиль Амангельдыевич басқарады.
Мұражай экспозициясы Е.А. Бөкетов жұмыс істеген жағдайды, оның жеке заттарын, жұмыс кабинетіндегі заттарды бейнелейді. Мұражайға келушілер Бөкетов уақытының рухын, Евней Арыстанұлы университеттің стратегиялық даму жоспарларын құрып, ғылыми еңбектер жазған, өлең шығарып, армандаған кабинетінің шығармашылық атмосферасын сезіне алады.
Мұражай сенбі жне жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Мекенжайымыз: Гоголь к-сі, 38, тарих факультетінің оқу корпусы тел.: +7 7212 51- 38- 46
№ 04, 07, 7, 43, 53 автобустарымен «Боулинг», «Медициналық университет», «№ 2 нан зауыты» аялдамаларына дейін жүру
Мұражайдың өз тарихы бар. 1981 ж. 26 наурызда Қарағанды мемлекеттік университетінде алғаш рет ауданы 190 ш.м. археологиялық-этнографиялық көрме ашылды.
Тарихы туралы көбірек білу 1985 ж. тарих докторы В.В. Евдокимовтың жалпы басшылығымен И.В.Рудковский, В.Г. Ломан, В.А. Новоженов, А.Ю. Чиндин сияқты археологиялық зерттеулер зертханасы қызметкерлерінің күшімен салынған жаңа ғылыми экспозиция құрылды. Мұражайдың этнографиялық бөлімін Х.А. Бекбалақова жне Э.Р. Усманова безендірді. Мұражайда қойылған материалдар тарих факультеті студенттерінің археологиялық жне этнографиялық тәжірибелерін өткізу нәтижесінде жинақталған. Мұражай ежелгі мәдениеттердің жетістіктерін, қазақ халқының шаруашылығы мен тұрмысын көрсете отырып, университеттің мақтанышына айналды.
Мұражай экспозициясы ежелгі тайпалардың тарихын жне археологияның жаңа жетістіктерін бейнелейді, ежелгі жәдігерлер мен қазақ халқының материалдық мәдениетінің заттарын біріктіреді.
Экспозицияда адамзат тарихының тас дәуірінен бастап орта ғасырға дейінгі барлық дәуірлерін, сондай-ақ қазақ халқының шаруашылығы мен тұрмысын бейнелейтін 20 витрина орнатылған, жартастағы бейнелердің (петроглифтердің) табиғи шамадағы инсталляциясы, қола дәуірінің жерлеу орындарын қайта қалпына келтіру жұмыстары, ежелгі түркі тас мүсіндері, ежелгі киіз үй қойылған.
Мұражайға келушілерге тегін экскурсия ұсынылады.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің түлектері немесе қазіргі қызметкерлері болып табылатын қазақстандық ғалымдардың Қазақстан Республикасының тарихи, археологиялық жне мәдени ескерткіштері жне олардың ашылуына қосқан үлесі туралы студенттердің хабардарлығын арттыру мақсатында, «Аймақтық тарихи-географиялық ерекшеліктер жне бейресми білім беру кеңістігі: өзара әрекеттесу өрісі» тақырыбындағы ішкі грант аясында Сарыарқа археологиялық институтының археология жне этнография мұражайы тақырыбы бойынша бес музейлік оқу подкасттары әзірленген болатын, одан кейін Google Podcasts, Stitcher жне Anchor by Spotify сияқты халықаралық подкаст платформаларында орналастырылды.
Әзірлеу тобы:
Жоба жетекшісі – Калижанова А.Н., академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі
Транскрипт авторы жне ғылыми кеңесші - Беделбаева М.В., тарих ғылымдарының кандидаты, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Сарыарқа археологиялық институтының археология жне этнография мұражайы жетекшісі
Редакторлар – Калижанова А.Н., филология ғылымдарының магистрі, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы жне Шелестова Т.Ю., PhD докторы, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің серіктес профессоры
Орыс тілінен ағылшын тіліне аударма – Осипович А.В., гуманитарлық ғылымдар магистрі, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушысы
Орыс тілінен қазақ тіліне аударма – Ибрахимова К.Т., педагогика ғылымдарының магистрі, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушысы жне Рахимбаева Б.Т., академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы
Түзетуші – Джим Райан, магистр (MATESOL), Clallam County Literacy Council-де ағылшын тілі мұғалімі
Дауыс беру маманы – Гаркуша К.Г., педагогика ғылымдарының кандидаты, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті
Дыбыс инженерлері – Базылова Ж.С. жне Зайцев К.Д.
Жаттығуларды әзірлеушілер - Калижанова А.Н., академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі, Будикова Ж.А., академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің магистранты, Қуанова П.А., гуманитарлық ғылымдар магистрі, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушысы
Мұражайды Беделбаева Марина Васильевна басқарады.
Мұражай сенбі жне жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді (сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс).
Мекенжайы: Университет к-сі, 28, бас корпус. Тел. +7 (72 12) 35-61-47.
№02, 07, 40, 118, 145, 146 автобустарымен «Университет» аялдамасына дейін жүру.
Мұражай 1969 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің зоология кафедрасы жанында ашылды. Бүгінде мұражай университеттің биология-география факультетінде орналасқан.
Мұражайды Казимова Айман Егинбаевна басқарады.
Мұражайға келіп, Қазақстан, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Америка, Австралия жануарлары мен өсімдіктерінің түр құрамы туралы біле аласыз.
Мұражайға сенбі жне жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін тегін кіруге болады, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Көрсетілген телефон бойынша алдын ала жазылу қажет.
Мекенжайымыз: Университет к-сі, 28, биология-география факультетінің оқу корпусы, тел.: +7 72 12 35-61-52. № 02, 07, 40, 118, 145, 146 автобустарымен «Университет» аялдамасына дейін жүру.
