鶹Ƶ

ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Апелляция беру тәртібі

1. Апелляция беру себептері

Білім алушы емтихан нәтижелеріне шағымдануға құқылы. Шағымдану себептері мынадай болуы мүмкін:

  • Сұрақтар мен жауаптардың дұрыс болмауы
  • Тестілеу бағдарламасының техникалық ақаулары
  • Емтихан жұмысының бағалауында қателіктер
  • Емтихан өткізу процедурасының бұзылуы
  • Емтихан тапсырған кезде этикалық нормалардың бұзылуы

2. Ауызша және жазбаша нысанда апелляция беру тәртібі

1-қадам: Өтініш жазу

Білім алушы емтихан нәтижесін алған күні факультет деканының атына өтініш жазады. Өтініште міндетті түрде алынған емтихан бағасымен келіспеу себебін көрсету және негіздеу қажет.

2-қадам: Өтінішті апелляциялық комиссияға беру

Деканның қолбелгісі бар өтініш және білім алушының емтиханға жауап парағы университет ректорының бұйрығымен бекітілген апелляциялық комиссияға беріледі. Өтініш келесі жұмыс күні ішінде қаралады.

3-қадам: Апелляциялық комиссияның шешімін шығару

Апелляциялық комиссияның шешімі хаттама түрінде рәсімделеді және апелляциялық комиссияның төрағасы 鶹Ƶ – факультет деканы білім алушыларға жеткізеді.

4-қадам: Шешімнің жүйеге енгізілуі

Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасы деканат арқылы Тіркеуші кеңсеге беріледі. Емтихан бағасы апелляцияны ескере отырып, жүйеге енгізіледі және білім алушының жеке кабинетінен көре алады.

5-қадам: Апелляция қанағаттандырылмаса

Егер апелляция қанағаттандырылмаса, емтихан бағасы өзгеріссіз қалады және жүйеге ешқандай өзгеріс енгізілмейді.

3. АЖ-де тестілеуден өткен кезде апелляция беру тәртібі

1-қадам: Апелляцияны «Platonus» жүйесі арқылы беру

Білім алушы тест аяқталғаннан кейін 120 минут ішінде «Platonus» АЖ-де «Апелляциялар» модулі арқылы апелляция береді. Тестіленуші 20 минут ішінде сұрақтарды таңдап, апелляцияны жібереді.

2-қадам: Сұрақтарды таңдау және апелляцияны беру

Білім алушы апелляцияға шағымданғысы келетін сұрақтарды таңдайды және апелляцияны жібереді.

3-қадам: Апелляция материалдарын өңдеу

Апелляцияға берілген сұрақтар Тіркеуші кеңсесі тарапынан өңделіп, апелляциялық комиссияға жіберіледі. Комиссия материалдарды келесі жұмыс күні ішінде қарайды.

4-қадам: Шешімді жүйеге енгізу

Апелляциялық комиссияның шешімі АЖ-ге енгізіледі, кейін жүйе автоматты түрде емтихан бағасын қайта есептейді және білім алушының жеке кабинетінде көруге болады.

5-қадам: Апелляция қанағаттандырылмаса

Егер апелляция қанағаттандырылмаса, емтихан бағасы өзгеріссіз қалады және жүйеге ешқандай өзгеріс енгізілмейді.

4. Кері байланыс

Кері байланыс ауызша апелляциялық комиссияның төрағасы, мүшелері арқылы және электронды түрде университеттің LMS 鶹Ƶ – "Платонус" жүйесі арқылы жүзеге асады.