Университетте ұйымдастырушылық көмек, зерттеулер жүргізуге ішкі грант, ғылыми нәтижелерді біржолғы қаржыландыру алуға мүмкіндігі бар ғалымдарды қолдау саясаты іске асырылады.
- ғылыми конкурстарға, оның ішінде гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға, «Жоо-ның үздік оқытушысы» республикалық конкурсына қатысуға;
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтында куәлік алуға өтінімдерді рәсімдеу кезінде ұйымдастырушылық және консультациялық қолдау ала алады.
Толығырақ »
Университет ғылыми зерттеулер жүргізу үшін ішкі гранттар бөледі. Ізденушілер қатарына университеттің оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары кіреді. Ішкі грант алу ниетіңіз туралы ылым департаментіне мәлімдеу керек.
Басқарма қызметкерлері университет Басқармасына өтінішхат ресімдеуге көмек көрсетеді.
2020 жылы университет өзекті ғылыми тақырыптарды зерттеуге 8 ішкі грант бөлді:
«Техногендік шикізат пен кендерден бағалы компоненттерді алуға арналған электргидравликалық қондырғы» тақырыбы. ылыми жетекшісі 鶹Ƶ – PhD докторы, доцент А.К. Хасенов.
«Органикалық күн батареялары үшін құрамында азулені бар жана түйіскен олигомерлерді құру» тақырыбы. ылыми жетекшісі 鶹Ƶ – химия ғылымдарының докторы, профессор Н. Мерхатұлы.
«Нанокаталитикалық қоспалардың қатысуымен көп мақсатты өнімдерге бастапқы тас көмір шайыры мен полимерлі қалдықтарды гидрокаталитикалық крекингтің жаңа тәсілі» тақырыбы. ылыми жетекшісі 鶹Ƶ – PhD докторы А. Түсіпхан.
«Жабайы өсетінөсімдіктер мен дәрілік өсімдіктердің тұқымдық материалын криоконсервациялау және қысқа және ұзақ мерзімді сақтау банкін жасау» тақырыбы. ылыми жетекшісі 鶹Ƶ – биология ғылымдарының кандидаты, профессор М.Ю. Ишмуратова.
«Экспериментте Амарант тұқымдасының Beta vulgaris өсімдік тұқымдарының емдік қасиеттерін зерттеу және бағалау» тақырыбы. ылыми жетекшісі 鶹Ƶ – медицина ғылымдарының докторы, профессор А.Е.Конкабаева.
«Фрагменттер және олардың модель топтары» тақырыбы. ылыми жетекшісі 鶹Ƶ – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор А.Р. Ешкеев.
«Жартылай өткізгішті полимер мен металфталоцианиндер негізінде күн энергиясы фототүрлендіргішті әзірлеу» тақырыбы. ылыми жетекшісі 鶹Ƶ – PhD докторы, қауымдастырылған профессор А.К. Зейниденов.
«Жастар арасында діни экстремизмнің таралуына қарсы іс-қимылдың теориясы мен практикасы» тақырыбы. ылыми жетекшісі 鶹Ƶ – заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б.А.Аманжолова.
2021 жылы университет 3 грант бөлді:
«Қасым тану мәселелері» тақырыбы. ылыми жетекшісі 鶹Ƶ – филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ж. Жарылғапов.
«Орталық Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылық: себептері мен салдары (мұрағат материалдары мен естеліктер негізінде)» тақырыбы. ылыми жетекшісі 鶹Ƶ – филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Т. Мустояпова.
«9 сыныпқа арналған оқулық әзірлеу «Құқық негіздері»» тақырыбы. ылыми жетекшісі 鶹Ƶ – заң ғылымдарының магистрі А.Б.Шакирова.
- өнертабысқа, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне, тауар шығарылған жерлердің атауларына өтінімдер қабылдау және формальды сараптама жүргізу үшін баж төлеу;
- өнертабысқа өтінімнің мәні бойынша сараптама жүргізгені үшін баж төлеу;
- өнертабысқа, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне, тауар шығарылған жерлердің атауларына қорғау құжатын тіркеу және беру туралы мәліметтерді Мемлекеттік тізілімде жариялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін баждарды төлеу;
- қорғау құжатын беру туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланған кезден бастап үш жыл бойы күшінде ұстап тұру үшін баждарды төлеу.
Қолдау алу үшін ылым департаментіне жүгінуге болады.