9-16 наурыз аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Неаполь L 鶹Ƶ ’Orientale университетінің зерттеушісі Ксения Прилуцкаяны сапармен күтіп алады. Оның сапары Erasmus + академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында өтеді.Сапар барысында стратегиялық даму жөніндегі проректор Е. Ж. Сармурзинмен кездесу өтті, онда тараптар академиялық алмасу және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін, сондай-ақ академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті мен Неаполь L 鶹Ƶ ’Orientale Университеті (Италия) арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтуды талқылады.Сонымен қатар, Ксения Прилуцкая философия және психология факультетінің студенттеріне академиялық жазу және академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері туралы бірқатар дәрістер өткізеді. Бұл іс-шаралардың мақсаты университеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту және академиялық алмасу деңгейін арттыру болып табылады.

